КАМИЛЬ САФИНДІ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

Авторы: Qyzyljar News

         Петропавлда Камиль Сафинді еске алуға арналған дәстүрлі республикалық бокс турнирі басталды. Турнирде Қазақстанның әр аймағынан келген жүзге жуық жас спортшы бақ сынауда. Теріскейдің намысын қорғауға жиырма боксшы қатысуда.

– Бұл жарыс 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұрын спортшылар Камиль Сафиннің жүлдесі үшін сайысқа түсетін. Атақты жерлесіміз 2013 жылы қайтыс болды. Содан бері еске алу турнирі ұйымдастырылады. Шаршы алаң шебері әлі жадымызда. Ол бокстың дамуына зор үлес қосты. Бұл жолғы додаға Астана, Алматы қалаларынан және Абай, Жетісу, Жамбыл, Қостанай, Атырау облыстарынан 15-16 жастағы спортшылар келді, – деді Камиль Сафин атындағы ОБЖСМ директоры Антон Лопатин.

Боксшылар арасындағы жекпе-жек өте тартысты өтуде. Мысалы 54 келі салмақ дәрежесінде атыраулық бозбала Бекарыс Ғарифоллаев өз қарсыласын ұпай санымен жеңіп шықты. Турнирге қатысушы қарсыласының осал тұстарын анықтап, соққы бағыттау арқылы жеңіске жеткенін айтты. Бұған дейін ол бірнеше халықаралық және республикалық турнирлерде топ жарған болатын.
Жарыс сенбі күні аяқталады және осы додада үздік атанған боксшылар қараша айының соңында өтетін ел біріншілігінде облыстың намысын қорғайтын болады.
Самрат ҚҰСКЕНОВ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz