Солтүстік Қазақстанда жол ережелерін бұзған мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

Авторы: Qyzyljar News

         СҚО полицейлері үш күнде жол ережелерін бұзған мыңнан астам құқық бұзушыны жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 және 10 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оған 360-тан астам полиция қызметкері мен мүдделі ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары апаттылыққа тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағдарланды. Жиі жасалатын бұзушылықтардың бірі – жылдамдықты арттыру, мұндай 59 факті тіркелді.

– Жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдауға сәйкес жыл басынан белгіленген жылдамдықты арттыру 27 жол апатына алып келген, салдарынан 3 адам қаза тауып, 35 адам жарақаттар алған, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оның айтуынша, жол апаттарына алып келетін тағы бір себеп – маневр жасау қағидаларын бұзу. 10 айдың ішінде мұндай бұзушылық 7 адам қаза тауып, 108 адам жарақат алған 73 жол-көлік оқиғасына алып келген. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шара өткен үш тәулік ішінде полицейлер мас күйдегі – 20, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен – 16, қозғалыс кезінде жаяу жүргіншідерге жол бермеген 22 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. СҚО жолдарында барлығы түрлі 1005 құқық бұзушылық анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz