Руслан Есеналин Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Авторы: Qyzyljar News

         Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Руслан Бақыттыұлы Есеналин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 

Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт мектептерінде бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында Қазақстан Республикасы бойынша кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы болған.

2008-2012 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары болып қызмет атқарды.

2012-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.

2020-2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының директоры қызметін атқарды.

2024 жылғы 5 маусымнан бастап «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz