ҚОЖАМБЕТ ШЕЖІРЕСІ

Авторы: Qyzyljar News

         Облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталған бағалы жәдігерлердің бірі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақындардың бірі, жерлесіміз Қожамбет Ордабайұлының шежіресі. Құнды затты өлкетанушы Дәстен Баймұқанов  мәдениет ошағына 2018 жылы  «Музейге сый тарту» акциясы аясында тапсырды.

    -Қожамбет ақынның шежіресін 1975 жылға дейін қазіргі Шал ақын ауданына қарасты Кеңес ауылының тұрғыны Еренғайып Жақыпов деген кісі сақтап келген. Шежіре 1936 жылы арабша жазылған. Осы шежіренің жалғасын жерлес ақын Ахметжан Нұртазин 1952 жылы жазып, жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевқа аманат қылып  қалдырған екен. 1987 жылы жазушының бәйбішесі Кәмеш Байқасқызынан алып, қазақшаға аударып, 2018 жылға дейін көзімнің қарашығындай сақтап, музей қорына өткіздім. Бұл жәдігерді Ахметжанның шежіресі демей, Қожамбет шежіресінің жалғасы деп білгеніміз дұрыс», – дейді Дәстен Баймұқанов.

1858-1932 жылдары өмір сүрген Қожамбет Ордабайұлы – Шал ақын ауданындағы  Бірлік ауылының тумасы. Арғы аталары Атығай, Дәуіт, Қалқас, Бәйімбет, Тоқа, Көшей, Өміртай, Өтеп, Бөбетай, Ордабай деп өріледі.   Қожамбеттің әкесі – Ордабай ауқатты,  алдына әжептәуір  мал салған,  шаруасына мығым кісі атанса, шешесі Сұлуман – Ұлытау жақтың  қызы, ақылды, әрі өжет  жан  болған. Ордабай баласының болашағын алыстан танып, арабша үйреніп, білім алсын деп молдадан сауатын аштырған. Қадімше жазып, оқуды үйренген  жерлес ақын есейе келе сауда-саттыққа, ел билеу істеріне араласа жүріп, орыс тілін  жетік меңгереді.

 

Самрат ҚҰСКЕНОВ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz