Солтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық ахуал туралы

Авторы: Qyzyljar News

          2024 жылғы 1 қазанға облыстағы халық саны 524 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 258 мың адам (49%), ауылдықтар – 266 мың адам (51%).

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 3862 нәресте туылғаны тіркелді. Туылғандардың ішінде 1977 – ұл бала және 1885 – қыз бала. Жаңа туған балалардың ішінде 1584 (41%) облыс орталығында туған.

Облыс аудандары арасында ең жоғары туу коэффициенті Уәлиханов ауданында – 14,61 промилле, Ақжар ауданында – 12,06, Жамбыл – 11,28, Шал ақын – 11,07 промилле тіркелді. Облыс бойынша ең төмен туу көрсеткіші Аққайың ауданында – 7,72, Ғ.Мүсірепов атындағы – 8,71, Есіл – 9,02, Қызылжар ауданында – 9,29 промилле.

2024 жылғы қаңтар- қыркүйекте 4535 адам қайтыс болды. Халықтың негізгі өлім себептері арасында ең үлкен үлес салмақты жүйке жүйесінің ауруларынан (21,5%), қан айналымы жүйесінің аурулары (15,8), тыныс алу органдарының аурулары (14,4), ас қорыту органдарының аурулары (9,2), жаңа өскіндер (8,4), жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану (6,8%) алады. Өлім-жітім коэффициенті облыс бойынша 11,52 промилле құрады.

Қаралатын кезең ішінде 2388 неке тіркелді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша 1118 ажырасу тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz