Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталды

Авторы: Qyzyljar News

        Ауыл шаруашылығы министірлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС бір мезгілде 2500 бас ұстайтын, соның ішінде «голштино-фризская» тұқымының 1400 сиырына есептелген сүт-тауар фермасының құрылысын аяқтады.

Жобаның жалпы құны-11,7 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 7500 тонна сүтті құрайды. Бүгінгі таңда жоба аясында 735 мал, оның ішінде 498 — Германиядан, 237 – дан Даниядан әкелінді. 2024 жылдың желтоқсан айына дейін Даниядан тағы 565 бас әкелу жоспарлануда.

Бұзау, сиыр, сауу-сүт блогының, құрама жем қоймасының, санитарлық өткізгіштің құрылысы толық аяқталған. «Айналмалы» сүт жабдықтары бір мезгілде  40 сиырды саууға мүмкіндік береді. Серіктестік қысқы маусымды ойдағыдай өткізу үшін 17,5 мың тонна пішен, 1,2 мың тонна шөп және 19,8 мың тонна сүрлем дайындаған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz