Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес

Авторы: Qyzyljar News

             СҚО аумағында интернет-алаяқтықпен күреске бағытталған «Аnti fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Петропавлдың ірі базарларының бірінде жадынамалар тарату бойынша акция өткізді.

Қалалық әкімдіктің жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге тәртіп сақшылары адамдарға алдаудың кең таралған тәсілдері туралы айтып берді. 10 айда СҚО-да 606 интернет-алаяқтық жасалды. Оның жартысына жуығы — 289 факті — «Банктен қоңырау шалу» схемасы бойынша.

КПБ жедел қызметкерлері танымал хабарландыру сайттарын, әлеуметтік желілердегі жұртшылықты тексереді. ЖПІШ бір күнінде заңсыз мазмұны бар сайттарға 10 сілтеме, негізінен жалған хабарландырулар анықталды.

 -Бұл сілтемелер бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесіне жіберілді», — деп түсіндіреді СҚО ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Иван Терзиди. — Сондай-ақ, өткізілген іс-шаралар барысында алты интернет-алаяқтық, оның ішінде бұрын жасалған төрт алаяқтық және облыс тұрғыны тауарларды басқа біреудің банк картасымен төледі деп күдіктенген интернет-ұрлықтың бір фактісі анықталды.

Интернет арқылы тауарларды сатып алу кезінде алдаудың үлесі әлі де жоғары. Көбінесе жалған жарнамалар Instagram-да (85 факті) және OLХ-те (70 факті) пайда болады. Полицейлер тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Егер сіз сатушының адалдығына сенімді болмасаңыз, тауарлардың ақысын төлемеңіз, «банктан қоңырауларға» сенбеңіз, өзге адамдардың қысымымен бейтаныс қосымшаларды орнатпаңыз. Егер интернет-алаяқтыққа күдік болса, «102»арнасына хабарласыңыз.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz