Назарда — Аққайың ауданының тынысы

Авторы: Qyzyljar News

             Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданында инфрақұрылым және ауылшаруашылық нысандарында болып, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады.

Сапарды «Астраханское» ЖШС қолдауымен қайта жөндеуден өткен Астраханка ауылындағы мәдениет үйін аралаудан бастады. Бұл нысан ауыл тұрғындарының мәдени өмірінің орталығына айналды, шығармашылық ұжыммен жылу жүздесу болды. Өңір басшысы Ленинское ауылында жөндеуден өткен ауылішілік жолдардың жағдайын тексерді. Биыл 5 көшеге асфальт төселді. Сондай-ақ Тюменка, Көктерек, Токуши және Власовка ауылдарына кірме жолдар салынды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылатын қыс мезгілінде оларды күтіп ұстау мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы Қиялы ауылында «Гагарино» серіктестігінің сүт фермасының құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ «Северный бройлер» құс фабрикасының инкубаторында, «Иван Зенченко» ЖШС-нің жем-шөп ауласында, ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасындағы Петкус тазалау желісінде болып, диқандармен кездесуде егін жинау науқанын қорытындылады.

-Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту ұлттық жобасы аясында Власовка ауылында жаңа медициналық пункт салынуда. Дәл осындай нысандар Тюменка, Ивановка ауылдарында да тұрғызылуда. Жыл соңына дейін медициналық мекемелер ашылады деп күтілуде. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

dc372eff 4962 4d0d 8d2f baf572722f02 789c4115 0207 4cc5 94bf aa46272b3685 2547f95a 9f44 4880 bf56 3efff0cc32dc

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz