САЯХАТШЫ ОТБАСЫ

Авторы: Qyzyljar News

             Петропавл қаласында саяхатшы отбасы тұрады. Ерлі-зайыпты 3 баласын ертіп, жеңіл автокөлікпен шетел асып, Түркияның Стамбул қаласына дейін барған. Олардың айтуынша, бұлайша саяхаттау әлдеқайда тиімді. Біріншіден, көп ел мен жер көруге мүмкіндік бар. Ал, екіншіден қаражат аз кетеді.
Сейдалиевтер отбасы Түркияға сапарды осы жылдың сәуір айында жоспарлаған. 29 мамыр күні жолға шығып, 8 күннің ішінде Түркияға жеткен. Негізі, көлікпен саяхаттау отағасы Рустамның идеясы болған екен.

– Біз өзіміздің «Камри» маркалы көлігімізбен бардық. Көлемі – 2,5. Оны мен Грузия елінен алдым. Қазақстанға дейін өзім жүргізіп келдім. Жолдағы табиғатқа ғашық болдым. Отбасымның да сол сұлулықты өз көзімен көргенін қаладым, – дейді Рустам Сейдалиев.

Отбасы Түркияға Ресей және Грузия арқылы барған. Саяхат барысында 15-ке жуық қалаға тоқтап, әрқайсысын аралап, ерекшелігін көрген. Жалпы, 11 мыңдай шақырым жолды еңсерген. Барып – келуге 2 аптаға жуық уақыт кеткен екен.

– Балалар қиналған жоқ. Өздерін еркін ұстады. Арнайы орындары болды. Телефонға суретке түсіріп, қызықтап отырды. Біздің туған-туыстарымыз бұл сапардан хабардар. Ал, достарымыз, әріптестеріміз бәрі таңғалуда. Осындай саяхатқа олар да қызығушылық танытуда, – деді саяхатшы Жұлдыз Құрманова.

Самұрат Құскенов

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz