Петропавлда бір отбасын өлтіргендердің ісі қайта қаралмақ

Авторы: Qyzyljar News

          Петропавл қаласында қазан айының соңында ерлі — зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын өлтіріп кеткен үшеуге қатысты сот үкімі шықты. Көпшіліктің пікірінше, үш адамның қанын мойнына жүктеген қылмыскерлерге кесілген жаза тым жеңіл.

Әлеуметтік желіде кісі қолынан қайтыс болған ерлі-зайыпты Приходченколардың қызы Татьянаның бейнежазбасы тарады. Бойжеткен қоғамнан және құқық қорғау органдарынан әділдік сұрайды. Ата-анасынан және туған бауырынан айырылған Татьянаның пікірінше, бірнеше сағат қинап, аяусыз өлтірген қылмыскерлерге қолданылған жаза тым жеңіл. 
Естеріңізге салайық, 2023 жылдың 28 желтоқсанында жерлеу рәсімдерімен айналысатын кәсіпкер Вадим Приходченко мен әйелі Юлия және олардың кәмелетке толмаған баласы Юрийдің денелері өз үйлерінде табылды. Көп ұзамай күдіктілер ұсталды. Сот отырысы бір жылға жуық уақытқа жалғасты.

Биыл 28 қазан күні облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үшеуге қатысты үкім шықты. Сот Сергей Емельяновты өмір бойына бас бостандығынан айырды. Данил Орловқа сот 21 жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал үшіншісі — Ирина Скоробогатова үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыстық  прокураторасының өклдері бүгін осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. «СҚО прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру фактісі бойынша көптеген жарияланымдар мен түсініктемелерге сүйене отырып, кінәлілер:  Сергей Емельяновты өмір бойына бас бостандығынан айыруға,  Данил Орловты 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, Ирина Скоробогатованы 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды.  Данил Орловқа  және Ирина Скоробогатоваға қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді. Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді», — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz