Бағалы шаянды аулағандарға сот үкімі шығарылды

Авторы: Qyzyljar News

           Мамлют аудандық соты бір жыл бұрын «Artemia salina» шаяндарының жұмыртқаларын браконьерлік жолмен аулады деп айыпталған алты солтүстікқазақстандыққа үкім шығарды.

Былтыр облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алты адамнан тұратын  топтың су ресурстарын заңсыз өндіруге қатысуы мүмкін екені туралы ақпарат алған.

2023 жылдың қыркүйегінде Токаревка ауылының маңында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, Мамлют аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және 3367 әскери бөлімінің әскери қызметшілері екі «ВАЗ-21214» автокөліктеріне мініп келе жатқан күдіктілерді ұстады. Олардан «Artemia salina» шаяндарының жұмыртқалары салынған 7 қап тәркіленді. Сараптама сәйкес, келтірілген шығын 1 миллион 700 мың теңгеден асты.

22 мен 38 жас аралығындағы алты ер адам сот алдында жауап берді. Олардың екеуіне үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, қалғандарының осындай мерзімге бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz