Жер мемлекет пайдасына қайтарылды

Авторы: Qyzyljar News

                 Прокуратура органдары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, 2024 жылдың басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн. теңгені құрайтын жалпы ауданы 49 мың га асатын жерлерді мемлекетке қайтарды.

Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 42 жер телімін мақсатты пайдаланбаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жерлерді ауылдық жерлерде тұратын адал субъектілерге пайдалануға беруге бағытталған. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz