Полицейлер заңсыз вейптер саудасының жолын кесті

Авторы: Qyzyljar News

                    Облыстық полиция департаменті  экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне никотинді электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) «Telegram» мессенджерінде заңсыз сатылып жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтаған, ол Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жедел уәкілдер ұстау кезінде оның машинасы мен пәтерінен жалпы сомасы 1,1млн. теңге болатын 118 бірлік заңсыз өнімдерді анықтаған. Қазір басқа адамдардың осы іске қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полицейлер шегілмейтін темекі өнімдерінің, никотинді электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына үстіміздегі жылдың маусым айынан тыйым салынғанын ескертеді.

Жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты еліміздің қолданыстағы заңымен 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап бес  жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына дейінгі жаза көзделген.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz