ӨҢІРДЕ ЕҢ ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ КӘСІПОРЫН

Авторы: Qyzyljar News

         Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов биыл қыркүйек айында іске қосылған сусындар шығаратын жаңа зауытта болды.

Бұл жобаға 13 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. Автоматтандырылған заманауи еуропалық қондырғылар орнатылды. Процесті автоматтандырудың арқасында өнімділік өсе түсті. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Өндірістің іске қосылуы мультипликативті әсер береді. Жұмысшылар саны 260-тан 385 адамға дейін өсті. Орташа жалақы — 267 мың теңге.

Бұл кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеуші. Өткен жылы кәсіпорын облыс бюджетіне 15,6 миллиард теңге салық төлесе, оның 13,5 млрд — акциздер. Жаңа желілердің іске қосылуы акциздердің түсімін 22 млрд теңгеге дейін көбейтпек. Жалпы, жаңа өндірістің іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасы мен бюджет түсімдерін ұлғайтуға  мүмкіндік берді.

1caf9e05 19b9 407c aea4 1b86c8a9e769 0f25251d 6a27 4e46 9f54 56621f7e3993 4cedaa9d 9186 4f0d aeef 9886f817cf67

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz