Оқушылар сарайында «Жас жұлдыздар» байқауы өтті. Оған өңірдің 7-17 жас аралығында мыңнан астам өнерпаз қатысты.
Эстрада жұлдызы болуды армандайтын Тимур Тоққожин де аталмыш сайыста өз өнерін көрсетті. Бес жылдан бері ән айтатын жасөспірімнің талабы таудай. Биыл Түркістан, Түмен қалаларында өткен өнер додаларында жақсы нәтиже көрсетті.
Байқау барысында өрендер «Вокал», «Хореография», «Аспаппен орындау» және «Актерлік шеберлік» аталымдары бойынша сынға түсті. Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, сахналық образына баға берді.
Байқауға өңірдің барлық ауданынан өнерпаздар келгенін айтып өту қажет. Ұйымдастырушылар «Жас жұлдыздар» байқауын республикалық деңгейге көтеруге ниетті. Дода соңында жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталды.
ТАЛАПТАРЫ ТАУДАЙ
110
алдыңғы жаңалық