ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Солтүстік Қазақстан облысында болды

Авторы: Qyzyljar News

            2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу шеңберінде инспекциялық сапармен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Сапарға ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов, комиссия мүшелері Михаил Бортник, Ләззат Сүйіндік және комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Сапар аясында ОСК төрағасы өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын облыстың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Кеңесте ағымдағы сайлау науқаны, сайлауды өткізуге дайындық, сайлау учаскелерін жарақтандыру және дауыс берушілер үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Сайлау процесінің барлық кезеңдерінде жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге, заңдылықты қатаң сақтауға ерекше назар аударылды.

Өңір бойынша алдағы сайлауға шығып қалғандардың орнына мәслихаттардың 17 депутаты сайланады, 12 аумақтық, 17 округтік, 68 учаскелік комиссиялар жұмылдырылған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Нұрлан Әбдіров М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде облыс жастарының өкілдерімен кездесті. Жас сайлаушылармен кездесуде ОСК басшысы 2022 жылғы конституциялық реформа контексіндегі Қазақстанның жаңартылған сайлау жүйесінің ерекшеліктері, сайлау саласындағы өзекті трендтер мен шетелдік тәжірибе, басқа елдердегі сайлаулар мен референдумдарды ҚР ОСК халықаралық байқауы туралы айтты. ОСК басшысымен кездесуге 100-ден астам адам қатысты, олар сайлау тақырыбы бойынша пікірлерін ортаға салды. Жастар электоралдық саланың өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнамаға қызығушылықпен қатысты.

Электораттық оқыту үдерісіне мониторинг жүргізу мақсатында аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағалары үшін «2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Онда қолданыстағы нормативтік-құқықтық база егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ семинарға қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берілді. Семинардың тәжірибелік бөлігі сайлау науқаны кезеңіндегі іс-қимылдардың тәжірибеге бағдарланған әдістері мен алгоритмін қолдана отырып, қолданыстағы сайлау тәжірибесіне сәйкес олардың практикалық шешімдері негізінде кейстік жағдайларды пысықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz