Петропавл қаласының тұрғындары үшін коммуналдық төлемдер қымбаттады. Қазан айындағы түбіртектерде үлкен айырмашылық байқалады. Әр жағдай бойынша мәселе жеке қарастырылатынын айтып өту қажет.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша бүгінде жылумен қамту жүйесі бойынша баға көтерілді. «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің берген өтінімі негізінде 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап тарифтердің өзгертілгені айтылды.
Есептеу құралдары бар тұрғындар үшін қазір тариф 4230,33 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз), ал бұрын 3814,55 теңге/Гкалдан (ҚҚС-сыз) болған, сонда өзгерген сома 415,78 теңге немесе 10,9 пайызды құрады. Есептеу құралдары жоқ тұрғындар үшін 5534,12 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) тариф қолданылады. Бұрын 4990,19 теңге/Гкалдан (ҚҚС-сыз) болса, жаңа баға 543,93 теңгені немесе 10,9 пайызды құрады. Мамандардың айтуынша тарифтердің өзгеруіне «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру және «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС желілері бойынша жылу энергиясын беру және тарату, сондай-ақ еңбекақыны көтеру мен қосымша инвестиция тартуды көздейтін жаңа тарифтік саясатқа көшу басты себептердің бірі болып табылады.
Үстіміздегі жылы 16 ақпанда қымбаттаған электр энергиясы бойынша тұрғындар үшін баға 17,14 теңге/кВт/сағ (ҚҚС-сыз) мөлшерінде келісілгенін атап өту қажет. Баға 2,86 теңгеге өзгерді. Бағаның өзгеруіне энергия тасымалдаушы ұйымдардың электр энергиясын тасымалдауға тарифтерді көтеруі, «KEGOC» АҚ жүйелік қызметтері бағасының өсуі мен өзге де мәселелер себеп болғаны айтылды.
Бүгінгі таңда департаментте Петропавл қаласын жылумен жабдықтау және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша бағалар мен тарифтерді өзгерту туралы өтінімдер жоқ. Есептеу сомасымен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметтердің көлемі мен сомасы бойынша тексеру жүргізу үшін М.Жұмабаев көшесі, 66 немесе 87152500666 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Иса ҚҰРМАН
ЖЫЛУ БАҒАСЫ НЕГЕ ӨСТІ?
239
алдыңғы жаңалық