301
Бүгін еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов еліне оралды, Оны Петропавл темір жол сапаржайында жақындары, туыстары, достары мен жаттықтырушылар құрамы асқан мақтанышпен және қуанышпен қарсы алды.
Облыс әкімдігінде Нұрқожаға және оның жеке бапқері мен ата-анасына құрмет көрсетілді. Спорттық жетістіктері үшін әлем чемпионына СҚО әкімінің құрмет грамотасы мен автокөліктің кілті табыс етілді. Жеке бапкері Сағындық Бейсембаевқа ақшалай сыйақы берілсе, Нұрқожаның ата-анасы Аралбек Қайпанұлы мен Перизат Қанатбайқызы СҚО әкімінің алғысына ие болды.
Қазақстандық еркін күрестен палуан Нұрқожа Қайпанов Тирана (Албания) қаласында өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. 70 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жекте оның қарсыласы жапондық Ешиносуке Аояги болды. Қайпанов 5:3 есебімен жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет әлем біріншілігінен «алтын» жеңіп алды!
Нұрқожа жеңіске жету жолындағы зор қолдауы үшін бапкеріне, облыс басшыларына, жақындарына алғысын айтты.
Еске сала кетсек, 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Қайпанов «күміс» жүлдеге ие болды. Енді Қазақстанда еркін күрестен екі әлем чемпионы бар. Бірінші болып титулды 2023 жылы Ризабек Айтмұхан (92 келіге дейін) алды.