Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Литваның Қазақстандағы елшісі Эгидиюс Навикастың кездесуі өтті. Литва — маңызды сауда-экономикалық серіктес. Биылғы 9 айдағы өзара сауда айналымы 19% өсіп, 1,7 млн АҚШ долларды құрады.
Кездесу барысында серіктестікті кеңейту, литвалық инвесторларды тарту мәселелері талқыланды. Литваның біздің өңірде құрметті консулдыңының ашылуы елдеріміз арасындағы іскерлік және достық байланыстарды одан әрі нығайтуға зор серпін бермек, — деп атап өтті өңір басшысы.