ПЕТРОПАВЛДА ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ШЫҒАРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Авторы: Qyzyljar News

               Енді Қазақстанда газ баллондары шыға бастайды. Онымен «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ айналыспақ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері айтты.

Өйткені қазір халық қолданып жүрген газ баллондардың тозығы жеткен. 40-45 жылдан бері қолданылып келе жатқандары бар. Биыл газ баллонға қатысты 37 апат тіркелген. Апаттың алдын алу мақсатында тиісті заң да қабылданды. Оған сай газ баллондарын 20 жылдан артық қолдануға болмайды.

Бірақ жабдықтың жетіспеушілігі мәселені толықтай шешуге мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан баллонды өндіру жолға қойылмақ.

-Қазіргі таңда «Тыныс» АҚ мен «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ өндіру және сервистік қызмет ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте қолданыстағы өндірістік қуаттарды, аталған ұйымдар жылына 65-70 мың тұрмыстық газ баллондарын шығара алатынын атап өткен жөн,- дейді  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі департаменті директорының орынбасары Асқар Тамаев,

Жобаны жүзеге асыруға «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы да атсалысуға дайын. Егер қосымша күш қажет болса, компания жобаға серіктестерін де тартпақ. Айта кету керек, елде шығарылатын газ баллондары халыққа тегін беріледі.

-Әр адам келіп, газ баллондарын толтырып жатқан кезде кемшілігі табылса, біріншіден құйылмайды, екіншіден қолданыстан алынып тастайды. Өзімізде шығып жатқан газ баллондары елге тегін беріледі. Енді газ баллоны жекеменшік қой, оны адам бергісі келмейді. Содан осындай жұмыстар жасалып жатыр,- дейді Төтенше жағдайлар министрлігі комитет төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz