«Мамлютка – Қостанай» автожолының 28 шақырымы жаңартылды

Авторы: Qyzyljar News

        Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Мамлютка – Қостанай» А-21 автожолының Жамбыл және Мамлют аудандары арқылы өтетін ұзындығы 28 шақырым болатын учаскесі жөнделіп, пайдалануға берілмек. Жөндеу жұмыстары жолдың 0-4, 18-31 және 35-46 шақырымдарында жүргізілді.

Жөндеу барысында суық ресайклирлеу әдісімен жол негізін орнату, екіқабатты асфальт-бетон жабынын төсеу, жол жиектерін нығайту, 162 жол белгісін жаңарту, екі жаңа автопавильон орнату,жол таңбаларын салу сияқты негізгі жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, Пресновка ауылының аумағында ұзындығы 4,1 шақырым болатын учаскеде жарықтандыру жүйесі орнатылды.

Жолдың сапасын қадағалау мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының»  облыстық филиалы 20 рет тексеріс жүргізіп, 134 сынама алған. Бөлім басшысы Арман Турасимовтың айтуынша, тексеріс барысында 7 ақау мен ескерту анықталып, олардың барлығы дер кезінде  түзетілген.

-Орташа жөндеу жұмыстарын толығымен «Қызылжар Жолдары KZ» ЖШС-ның мердігер ұйымы орындады. Қазіргі уақытта нысанды  толықтай пайдалануға беруге дайындау жұмыстары жүргізілуде,- деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚО филиалы директорының орынбасары Қанат Өсербаев.

Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстарының жоғары сапасы мен уақтылы аяқталуы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, өңірдің көлік инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz