Артық жұмыс атқарған

Авторы: Qyzyljar News

          Облыста биылғы тоғыз айда әдеп жөніндегі кеңес мамандары қараған істердің 64 пайызы заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталса, қалғаны тәртіптік істермен байланысты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша де­пар­таментінің басшысы Ер­жан Қарымсақовтың айтуын­ша, әдеп жөніндегі кеңестің бү­гінде тәртіптік істерді қарау­дан басқа да функциясы кө­бей­ген.

-Кеңестің негізгі мінде­ті – сыбайлас жемқорлықтың жә­не қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу үшін шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің жауапкер­шілік деңгейін арттыру. Яғни ке­ңес тек жазалаушы орган ғана емес, сонымен қатар мемле­кеттік қызметте кәсіби, әдепті ортаны қалыптастыру құралы болып отыр, – дейді Ержан Қа­рымсақов.

Көпшілік әлі күнге мемлекеттік қызметте істейтіндер түннің бір уа­ғына дейін жұмыста отыруға мәж­бүр деп есептейді. Департамент мамандары мұны құптамайды. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі мен оның аумақтық бөлім­ше­леріне 2023 жылғы мамырдан бас­тап мемлекеттік органдарда жұ­мыс уақыты режімінің сақталуына мониторинг жүргізу өкілеттіктері берілген. Сонымен қатар өткен жылдан бастап мемлекеттік қыз­мет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметшілермен қа­рым-қатынаста жұмыс беруші жа­саған құқық бұзушылықтарды қа­рау функциясын қоса атқаруда. Яғни департамент қызметкерлер­дің жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін мемле­кеттік органдардың басшыларына қатысты әкімшілік шара қол­дануға құқылы.

Жыл басынан бері департа­мент жұмыс уақыты режімінің сақ­талуына қатысты 13 рет мониторинг жүргізген. Мамандар мемле­кеттік органдарға тікелей барып немесе жұмыс уақытын есепке алуды бақылау жүйелерінің де­ректерін пайдалана отырып қа­шық­тан тексерген. Нәтижесінде артық жұмыс істеген 36 мемле­кеттік қызметші анықталды, 30 қыз­меткерге демалыс сағаттары бе­рілді, ал 6 қызметкерге тиісті тө­лем жүргізілген.

-Мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу мәселесін шешу тек мемлекеттік органдар та­рапынан ғана емес, қызметкер­лердің де белсенді қатысуын та­лап етеді. Мемлекеттік қызмет­ші­лердің өз құқықтары туралы білуі және оларды белсенді қорғауы маңызды, – дейді департамент бас­шысы.

Бұдан бөлек биылғы 9 айда облыстың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне 458 тәртіптік жаза қолданылған. Оның 356-сы жергі­лікті атқарушы органдарға, қалға­ны аумақтық мемлекеттік орган­дарға қатысты.

-Тәртіптік жаза қолдану рәсімі Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 2015 жылғы 29 желтоқ­сандағы №152 Жарлығымен бе­кітілген және мемлекеттік қызмет­шілерге тәртіптік жаза қолдану қа­ғи­даларымен регламенттелген. Зерттеу және талдау материал­дары ретінде тоқсан сайын мем­ле­кеттік органдар ұсынатын есеп­тер қолданылады. Мемлекеттік қыз­метшілерге қатысты ең жиі кез­десетін заң бұзушылықтарға тоқ­талсақ, оларға тәртіптік жаза қол­дану мерзімдерін бұзу және қыз­меттік тергеу рәсімін жүргізбеу жа­тады. Биылғы 9 айдың қорытын­дысы бойынша департамент тәр­тіптік жаза қолдану туралы 15 ак­тінің күшін жойды, – дейді Ержан Қарымсақов.

Маманның айтуынша, тәртіп­тік жауапкершілікке тарту кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқы­ғын бұзу фактісі сараланады, де­партамент оны қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабыл­дайды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz