Анасын ұрып өлтірген

Авторы: Qyzyljar News

          Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Облыстық соттың мәліметінше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде анасын ауыр соққыға шыққан.  Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Соттан өзін  ақтауды өтінді. Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б.-ны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz