Өнеркәсіп кешені Солтүстік Қазақстан облысының ажырамас бөлігі болып табылады. Өнеркәсіптің 80% — дан астам үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударылады. ОКҚ алаңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, өнеркәсіп саласында 511 млрд теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Түрік инвесторы ағашты терең өңдеу зауытын іске қосты. Кәсіпорында жылына 50 мың текше метрге дейін өнім шығару жоспарлануда. Бұл ағаш өңдеу өнімдерінің импортын 13%-ға алмастыруды қамтамасыз етеді.
«Қызылжар» АЭА аумағында ағаш өңдеу кластері құрылуда. Жанармай түйіршіктерінің желісі іске қосылады. Ағаш тақтайлары, химиялық компоненттер мен жиһаз өндірісін жолға қою жоспарлануда. Кластерге 2027 жылға дейін 25 млрд теңге инвестиция тартылады. Кәсіпорынның айналасында өнеркәсіптік белдеу құрылды, оған 30 заңды тұлға, 90 жеке кәсіпкер кіреді, сондай-ақ жұмысқа өңірдің 3, 5 мыңға жуық тұрғыны тартылатын болады.
«Жыл басында төртінші буындағы инновациялық жылыжай кешені іске қосылды. Жылыжай іске қосылған сәттен бастап 1,3 мың тонна қияр сатылды. Мұнда күн сайын 16 тоннаға дейін өнім жиналады. Жылыжай өңір тұрғындарының қажеттіліктерінің үштен бірін жабады және қысқы кезеңде баға орнатуға әсер етеді», – деді әкім.
Сонымен қатар «Қызылжар» АЭА аумағында ресейлік кондитерлік өнімдер шығаратын ірі компания жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда. Инвестиция сомасы 37 млрд теңгені құрайды. 380 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ «МаслоДел» компаниясының май экстракциясы зауыты іске қосу сатысында тұр. Өндіріс Орталық Азия елдерінің аумағындағы ірі зауытқа айналады. Кәсіпорынның қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдарды өңдеуге және 120 мың тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт өз жергілікті нарықта өз орнын өнімді өткізу және жалпы көлемнің 80%-на дейін экспорттау есебінен табады.
Отандық инвестор саңырауқұлақ фермасы мен компост зауытын салуда. Кәсіпорын 1,2 мың тоннаға дейін өнім өсіруді және өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл жергілікті халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.