Халықты сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Солтүстік Қазақстан облысында басымдық берілген бағыттардың бірі болып табылады. Ең көп тұрғын үй Петропавлда салынып жатыр. Облыс орталығында 32 көппәтерлі үй салынуда. Оның 20-сы жеке құрылыс компанияларының есебінен салынып жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.
Қазір ескі «Қопай» шағын ауданын қайта құру қарқынды жүріп жатыр. Апатты және тозығы жеткен үйлер бұзылады. Олардың орнында заманауи жайлы шағын аудан салынуда. Бұл шағын ауданда барлығы 27 көпқабатты үй бой көтереді. Жаңа пәтерлерге 3,8 мың отбасы қоныстанады. Олар үшін қажетті әлеуметтік нысандар салынады. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алынады. Осы мақсатқа 5,8 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін облыста 330 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
«Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына қарай халықтың сапалы ауыз суға 100% қол жеткізуін қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұл – маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Биыл сумен жабдықтау объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп қаражат жұмсалды. Жыл соңына дейін 10 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылда кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша таза ауыз суға қолжетімділік көрсеткішін 93,3%-ға жеткізу көзделген», – деп сендірді әкім.
Солтүстік аймақтар үшін маңызды мәселелердің бірі жылу маусымына дайындық болып табылады. Екінші жыл қатарынан жылыту маусымы екі түтінді құбырымен қамтамасыз етіледі, бұл жылыту кезеңінің тұрақты өтуіне сеп болды. ЖЭО-2-де 11 қазандық агрегаты және 7 турбоагрегат жұмыс істейді. Қазан айында биіктігі 180 метр болатын жаңа мұржаның құрылысы аяқталды. Ол келесі жылыту маусымында пайдалануға беріледі. Коммуникациялардың тозуын азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Биыл 1,5 мың шақырым электр желісі, 9 шақырым жылу желісі және 8 шақырым сумен жабдықтау желісі ауыстырылды. Қаланың солтүстік бөлігін тұрақты жылумен қамтамасыз ететін жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде.
«Тозуды азайту үшін ауылдық электрмен жабдықтау жүйесін жыл сайын жаңғырту жоспарланған. 20 ауылды қамтитын 15 жоба әзірленді. Биыл 1 мың шақырымнан астам жол жөнделді. Оның ішінде 208 шақырым республикалық, 630 шақырым жергілікті және 163 шақырым кентішілік жолдар бар. Жыл қорытындысы бойынша жергілікті желі жолдарының үлесі нормативтік жағдайда 84%-ға, республикалық деңгейде 87%-ға дейін жеткізілді», – деп түйіндеді СҚО басшысы.