Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден үш дүкенде заңсыз алкогольді анықтаған. Рейдтік іс-шаралар барысында құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сақтау және сату фактілері белгілі болды.
Екі сауда нүктесінен тәртіп сақшылары 74,5 литр арақ, сондай-ақ акциздік маркасыз 258 қорап темекі тәркіледі. Ал үшінші дүкеннен алкоголь саудасына лицензиясы жоқ 83 литр арақ, 31 литр коньяк, 29 литр шарап өнімі мен 80 литр сыра сатуға қойылған.
-Барлық факті бойынша сауда нүктелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь – басты криминогендік факторлардың бірі, ащы суға қарсы заңнаманың бұзылуымен күрес Мемлекет басшысы белгілеген заң мен тәртіп қағидатын іске асырудың маңызды шарты болып табылады, – Жамбыл деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбек Тоқтамысов.
Осы уақыт аралығында ауданда жергілікті кәсіпорыннан дизель отынының ұрлау фактісіне тосқауыл қойылып, 43 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген аңшы мылтығы алынды.