ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТАЛАНТ

Авторы: Qyzyljar News

              С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада қазақ даласында ерен күш иесі атанған, жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл толуына орай «Тау тұлғалы талант» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жиын барысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Foundation» факультетінің дайындық курсында оқитын тыңдаушылар, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары Балуан Шолақ жайында қызықты деректер білді. Мәселен ақын бала кезінде саусағын үсітіп алғандықтан, ел оны еркелетіп, Балуан Шолақ деп атап кеткен екен. Ал, азан шақырып қойған есімі – Нұрмағамбет. Жігіт шағында ол спорт пен әншілік өнерді қатар алып жүрген. Палуан ән-күй десе, делебесі қозып, жүрген жерін сауық-сайранға бөлеп, сән-салтанатын арттырған. Композитордың 10-ға жуық әні бар.

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, көркемдік жетекшісі Біржан Есжанов сегіз қырлы, бір сырлы талант Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі мен музыкалық мұрасы жайлы жан-жақты баяндады. Атақты әнші-композитордың «Ғалия»,  «Сентябрь» атты әндерінің екі нұсқасы мен «Жастық» шығармасын жоғары деңгейде орындап, жиналған қауымның зор қошеметіне бөленді.

Облыстың құрметті азаматы Тілек Әбдірахманов Балуан Шолақтың Карон балуанмен күресі жайлы айтып, Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» кітабын оқып, осы тақырыпта фильмді көруге кеңес берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz