Диқандарды қолдауға 580 миллиард теңге бөлінген

Авторы: Qyzyljar News

Биыл ауыл шаруашылығын жеңілдікті қаржыландыруға рекордтық 580 млрд. теңге бөлінді.  Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл қаражат егіншілерге тікелей несие беруге, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге,форвардтық сатып берілген.

Нәтижесінде, республика егіншілері дәнді дақылдар бойынша рекордтық көлемде өнім жинады. Биыл орташа гектар берекелігі  16,1 центнер болып, 26,7 млн. тонна астық бастырылды. 2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Сонымен қатар биыл 3,2 млн. тонна майлы дақыл бастырылды, 2,9 млн. тонна картоп, 3,9 млн. тонна көкөніс және 2,6 млн. тонна бақша дақылдары жиналды.

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасын табады. Президент тапсырмалары бойынша әзірленген Жол картасы аясында 2024–2028 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндеті қойылды.

-Жалпы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр,- деп мәлімдеді  Үкіметтің  баспасөз қызметі.

Қазірдің өзінде  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға арналған көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру биылдың өзінде басталып кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz