2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда электр және жылумен жабдықтау саласындағы маңызды өзгерістер күшіне енеді. Брифингте «СКРЭК» АҚ мен «Севказэнергосбыт» ЖШС өкілдері солтүстікқазақстандық тұтынушыларды қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны, жаңа шартты қалай және кімге жасасу керектігі және төлемдерді қабылдау бойынша кассалар жұмысын жалғастыра ма екендігі туралы айтып берді.
Өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тек меншікті электр желілері бар және кепілдік беруші жеткізушілер болып табылатын ұйымдар ғана жалғастырады. СҚО-да электр энергиясын сенімді жеткізуге «СКРЭК» АҚ жауапты болады.
Жылумен қамтамасыз етуге де қатысты болады. «Жылу энергетикасы туралы» жаңа Заң тұтынушыларға жылу энергиясын өткізуді «Петропавл жылу желілері» ЖШС басты рөл атқаратын жылу тасымалдаушы ұйымдар жүргізетінін белгілейді.
Бас директор Мағауия Сағындықов аталған жаңалықтардың нәтижесінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Севказэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау бойынша, ал 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді ұсынуды тоқтататынын хабарлады. Электр және жылумен жабдықтау шарттарына байланысты құқықтар мен міндеттер «СКРЭК» АҚ-ға берілетін болады.
-Севказэнергосбыт» ЖШС жеке шарттары бар тұтынушыларға жаңа жеткізушілермен қосымша келісімдер жасасу қажеттігі туралы хабарлама жіберді. Қазіргі уақытта 4300-ден астам тұтынушы осы келісімдерді ресімдеу үшін өтініш берген және күн сайын 200-ге жуық қосымша келісімдер жасалады. Егер тұтынушы қосымша келісімдерге қол қоюға ниетті болмаса, ол қажетті құжаттар пакетін ұсына отырып, беруші ұйымдармен жаңа шарт жасаса алады, – деді Мағауия Сағындықов.
Ол сондай-ақ қосымша келісімдер немесе жаңа шарттар жасалғаннан кейін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрмыстық емес тұтынушылар «СКРЭК» АҚ деректемелері бойынша электрмен жабдықтау қызметтері үшін шоттарды төлейтініне назар аударды. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл жылу энергиясын тұтынушыларға қатысты болады: олар «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС деректемелері бойынша шоттарды төлейтін болады.
Тұрмыстық тұтынушыларға шарттарды қайта жасасудың қажеті жоқ. Олар коммуналдық қызметтерді бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) бойынша төлеуді жалғастырады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап онда тұтынылған жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау қызметтері үшін есептеулермен жеке жолдар бөлінетін болады. БЖҚ жеткізумен және төлемдерді өңдеумен «СКРЭК» АҚ айналысатын болады.
«СКРЭК» АҚ бас директоры Александр Чекулаев 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметтері үшін тұтынушылардың берешектері мен артық төлемдері бойынша барлық деректер «СКРЭК» АҚ-ға, ал 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылумен жабдықтау қызметтері үшін – «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-ге берілетінін атап өтті. Тұтынушылар 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін электр және жылу энергиясын жеткізушілер арасында артық төлем сомасын бөлу үшін «Севказэнергосбыт» ЖШС-не өтініш бере алады.
Сондай-ақ, брифинг спикерлері Жұмабаев көшесі, 66 мекенжайындағы сервис-орталықта Бірыңғай есеп айырысу орталығының қызметтері үшін төлемдерді қабылдауға арналған екі касса және жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлемдерді қабылдауға арналған бір касса жұмысын жалғастыратынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, тұтынушылар шоттарын «Қазпошта» АҚ кассалары, екінші деңгейлі банктер, банктік қосымшалар, терминалдар және қолма-қол ақшасыз төлемдердің өзге де тәсілдері арқылы төлеу мүмкіндігіне ие. «СКРЭК» АҚ мен «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-де 8-7152-500-666 телефон нөмірі бойынша байланыс орталығының жұмысы жалғасады.
Бұрын екі қызмет бойынша біріктірілген функционалды орындаған «Севказэнергосбыт» ЖШС персоналы «СКРЭК» АҚ-ға, ал 2025 жылғы 1 шілдеден бастап – тиісті ұйымдар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ге бөлінетін болады.