ДАТЧИКТЕРДІ ТЕГІН ОРНАТТЫ

Авторы: Qyzyljar News

            Елімізде  «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жүріп жатыр. Осыған орай Петропавл қаласында ТЖД қызметкерлері, полицейлер, Ұлттық ұлан сарбаздары, «Amanat» партиясының өкілдері, еріктілер және студенттердің қатысуымен ауқымды шара өтті.

Бірнеше топқа бөлінген мамандар жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратты. Сондай-ақ бір мыңға жуық тұрмысы төмен отбасының үйіне улы газды анықтайтын датчиктерді тегін орнатып берді. Аталған құрылғы ауа құрамында улы газдың концентрациясы артқанда дабыл қағып, үй иелеріне белгі береді. Айта кетейік, мұндай шаралар өңіріміздің барлық аудандарында да ұйымдастырылды. ТЖД мамандары келешекте алдын алу шараларын күшейтуді жоспарлап отыр.

-Жыл басталғалы өңірде 404 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалын 30  адамның өмірін жалмаған, олардың үшеуі бала. Көп жағдайда өрт пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындайды. Сондықтан осындай шаралар барысында тұрғындарға оның барлығын тағы бір түсіндіреміз, — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасы бастығының орынбасары Аян Құсайынов.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz