ЗАҢСЫЗ ДІНИ КІТАПТАРДЫ САТҚАН

Авторы: Qyzyljar News

          Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында 75 жастағы қала тұрғынына қатысты іс қаралды. Татьяна Землякова өз үйінде заңсыз діни кітаптарды сатқан.  Сол үшін оған Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 453- бабы бойынша айып тағылған.

Сотқа жолданған іс бойынша, петропавлдық әйел өз пәтерінде биылғы мамыр айында діни негіздегі төрт кітапты сатқан. Олар ел аумағында сатуға тыйым салынған екен. Сот отырысында қария кітаптарды сатқанын мойындады, бірақ олардың діни бағыттағы кітап екеніне келіспеді.

Тұрғынның діни оқулықтарды саудалағанын полиция инспекторы да растады. «Откровения Ангелов-хранителей: Начало» атты кітаптардың мазмұнына бірнеше сараптама жасалған. Олардың қорытындысы бойынша, бұл ел аумағында тыйым салынған жазбалардың қатарына жатады.

Айта кету керек, алғашында бұл іс қылмыс ретінде тіркелген. Алайда, сот барысында қылмыс құрамы анықталмай, іс тоқтатылған. Бірақ, кейін әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қайта тіркелген. Өйткені,  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, діни оқулықтар арнайы рұқсат етілген жерлерде ғана сатылуы тиіс. Осы негізде сот өз үкімін шығарды. Одан масс-медиа өнімдері тәркіленіп, 73 840 теңге әкімшілік айыппұл салынлы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz