ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК

Авторы: Qyzyljar News

              Петропавл қаласында Жаңа жыл қарсаңында «Солнечный дом» қоғамдық қорының мүшелері қолөнер туындыларын көпшілікке таныстырды. Ерекше қажетілігі бар балалардың жасаған бұйымдары күнделікті тұрмыстағы қарапайым заттарды кәдеге жаратып, шығармашылық ой-қияларына ерік берді.
Шара барысында мүмкіндігі шектеулі балалар шырша бүршіктерінен, қағаздан, сіріңкеден, бөтелкеден жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын тұрмыста қолдануға болатынын көрсетті. Бұл олардың тек шығармашылық қабілетін ғана емес, экологиялық жауапкершілігін де айқындады.
Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдиннің айтуынша, ерекше балалар ересек адамдармен бірге жұмыс істейді. Олардың қатарында еріктілер мен қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері бар.

– Бұл шараны жыл сайын ұйымдастырамыз. Балаларды қолданбалы өнерге баулу және экологияның маңызын түсіндіру – біздің басты мақсатымыз, – дейді орталық жетекшісі.

Сондай-ақ балалар Аяз атаның суретін бояп, ақ қағаздан қар ұлпаларын жасап, шығармашылыққа деген ерекше қабілетін көрсетті. Олар дайындаған бұйымдарды шара соңында көшедегі адамдарға сыйлап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осындай шаралар ерекше балалардың қабілетін ашып қана қоймай, қоғамды бірлік пен түсіністікке шақырады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz