АЗАМАТ НҰРПЕЙІСОВТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

Авторы: Qyzyljar News

            А. Винокуров атындағы Спорт сарайында кикбоксингтен Әлем чемпионатның күміс жүлдегері Азамат Нұрпейісовті еске алу құрметіне арналған «Қызылжар» халықаралық турнирі аясында ерлер мен әйелдер арасындағы кикбоксингтен алғаш рет Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды.

– Айтулы жерлесіміз Азамат Нұрпейісов 2016 жылы дүниеден өткен болатын. Содан бері жыл сайын турнир жылда дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Кикбоксингтен Қазақстан чемпионатына Ақтөбе мен Ұлытаудан басқа облыстардың бәрінен келген 245 спортшы қатысуда. Аталмыш чемпионат ерлер арасында 3, әйелдер арасында 2 деңгей бойынша өтуде. Біздің өңірден жасақталған команда құрамында 25 адам облыс намысын қорғауда. Соның ішінде Аслан Асылбеков, Данияр Жарасов, Нұрсұлтан Жақыпов сынды айтулы спортшылар бар. Желтоқсанның 14-і күні турнирдің ақтық кезеңі болады, – дейді кикбоксингтен облыстың аға бапкері Әділ Нұржауыпов.

Кикбокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия және Қазақстан чемпионы, “Бүркіт” арнайы жасағының офицері болған Азамат Нұрпейісов оқушы күнінен кикбоксингпен айналысқан. Ол Ирландияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, италияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия мен Үндістан чемпионы, Түркияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz