Бүгінде Петропавл қаласында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жылы аялдмалар орнатылуда.
Жас өркен, Бірлік шағынаудандары мен қаланың орталық көшелерінде осындай жылы аялдамаларға монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аялдамаларға жылу қондырғылары орнатылғаннан кейін қолданысқа беріледі. Жыл соңына дейін қалада 18 жылы аялдама орнатылуы тиіс.
– Барлық жұмыс талапқа сай болады. Жабық аймақтың қабырғалары оқшауланған, терезелері қалың. Мұнда арнайы орындықтар да қарастырылған. Қыста жолаушылар үшін жылы болуы тиіс. Жылу қондырғысы бар осындай аялдамалар көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймын, – деді монтаждау жұмыстарымен айналысып жатқан «B. ADELE» ЖШС-нің директоры Диас Майкин.