Ақжар ауданында медициналық пункт пен ауыл клубы ашылды

Авторы: Qyzyljar News
            СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың Ақжар ауданына жұмыс сапары инфрақұрылымның жағдайын зерделеуге және ауданның даму перспективаларын талқылауға бағытталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
              Өңір басшысы республикалық маңызы бар Дәуіт пен Кішкенекөл арасындағы автожолды жөндеу бойынша есепті тыңдады, бұл Ақжар және Уәлиханов аудандарының көлік инфрақұрылымын жақсартпақ. Жоба келесі жылы жалғасады. Жалпы ауданда жол саласында 8 жоба жүзеге асты, жетеуі жалғасуда. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болып, астық қабылдау пунктінде аудан диқандарымен кездесті.
                 Маншүк Сеитова Талшықта жол бойындағы кешен ашып, 11 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның екеуі балалар үйінен келіп, еңбек етіп жүрген жетімдер, олар тамақ пен жатын орнымен қамтылды. Восходское ауылында «Эрсалды» шаруа қожалығының асыл тұқымды репродукторы, «Даньяров»  шағын наубайханасы мен жеке кәсіпкер «Анеля» ЖК шағын-маркеті табысты жұмыс істеуде.
                  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл тұрғындары үшін медициналық пункт салынып, мәдениет ошағы да толық жөндеуден өтті. Горьковское ауылында да оң өзгерістер орын алуда. «Ақниет Агро и К» серіктестігі әлеуметтік жауапты бизнестің үлгісін көрсетіп отыр. Шаруашылық ауылдықтар үшін 18 үй салып берді. Бюджет есебінен орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп, ауыл клубы салынды. Аудан тұрғындарымен кездесу өткізіліп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz