2024 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі – 37,8%, құрылыс жұмыстары – 26,2, сауда – 6,9, негізгі капиталға салынған инвестициялар– 5,3, тұрғын үй енгізу көлемі – 5,1% өсті, деп мәлімдейді Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Жыл басынан бері негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 404,8 млрд. теңгені құрады. Кәсіпорындар мен халықтың меншікті қаражаты (инвестициялардың жалпы көлемінен 37,1%) негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі болып табылды.
Негізгі капиталға құйылған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар: көлік және қоймалау (32,3%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (23,8%), өнеркәсіп (20,7%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (10,8%) болып табылды.
2024 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 925,1 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 603,3 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымының 84%-ын алатын өңдеу өнеркәсібінде 506,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, немесе 2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 100,7%. Азық-түлік өндірісі 8,1% өсті, оның ішінде тазартылмаған күнбағыс майы – 2,1 есе, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жемшөп – 1,8 есе, ірімшік және сүзбе – 13,1%. Өсім қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде – 45,7%, жиһаз өндіруде – 14,3%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 8,9% байқалады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 160,7 млрд. теңге сомасына орындалған. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде барынша жоғары үлес салмақты имараттар құрылысы алады. 938 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, соның ішінде 879 – тұрғын және 59 – тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 252,5 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үй жалпы ауданының 1 шаршы метр құрылысына жұмсалған орташа нақты шығын 174,2 мың теңгені құрады (2023 жылғы қаңтар-қарашада – 159,5 мың теңге).
Бөлшек сауда көлемі 364,2 млрд. теңгені құрады. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі – 36,8%, азық-түлік емес тауарлар – 63,2% құрады.
Көтерме сауда көлемі 514,9 млрд. теңгені, немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңге 111,5% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мәндегі өнімдер басым (85,6%).
Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-қазанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 631,9 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,1% артық, соның ішінде экспорт – 95,8 млн. АҚШ доллары (16,8% азайды), импорт – 536,1 млн. АҚШ доллары (30,4% көбейді).