ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАҒАН

Авторы: Qyzyljar News

             Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, департамент мамандары облыстық кәсіпкерлер палатасында  депутаттармен және бизнес қауымдастығының  өкілдерімен кездесу өткізген.

Кездесу барысында департамент бастығының орынбасары Дмитрий Растихин облыс аумағында орын алған өрт бойынша оперативті  жағдайға тоқталып, олардың себептері мен салдарлары, Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы өрт қауіпсіздігіңін ережелері туралы әңгіме өрбіткен.

Биылғы жылыту маусымы басталғаннан бері  облыс аумағында 75 өрт оқиғасы тіркеліп, тоғыз адам мерт болыпты. 10 желтоқсан күні Тайынша қаласындағы жекеменшік үйде  газ баллоны жарылған. Соның салдарынан 70 шаршы метр тұрғын үй түгел отқа оранған. 1984 жылы туған үй иесі мен оның 16 жасар қызы денелерін күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 13 желтоқсан күні Мамлютка  қаласында да газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт сөндірушілер өрттің негізгі себептері электр қондырғыларын монтаждау және техникалық пайдалану талаптарының бұзылуы, пешті пайдалануда өрт қауыпсізідігі ережелерін сақтамау екенін тұрғындардың есіне салады. Жекеменшік үйдің тұрғындары өз баспаналарының, пештерінің, электр сымдары мен құралдарының дұрыстығын үнемі тексеріп отыруы тиіс.

Жаңа жыл – адамдарды тек жарқын және жақсы эмоцияға бөлейтін керемет мереке. Өкінішке орай, өрт статистикасы дәл осы Жаңа жыл кезеңінде оның арта түсетінін куәландырады. Шыршаны орнатқанда оның бөлмеден шығуға кедергі келтірмей орналасуын қадағалау қажет. Шыршаны жылу беру батареясының жанына орналастырған қауіпті. Иллюминацияны қосқан кезде бөлмедегі жарықты толықтай өшіруге болмайды. Мереке аяқталған соң шыршаны үйде ұзақ ұстаудың қажеті жоқ. Синтетикалық материалдардан дайындалатын жасанды шыршалардың өрт шығу қаупі бар және олар жанған кезде денсаулыққа қауіпті улы заттар бөлінеді.

Жаңа жылды тойлау қарсаңында әртүрлі өрт шығу қаупі бар пиротехникалық құралдар қолданылады, олардың салдарынан өрттің шығуы, адамдардың жарақат алуы және мертігуі әбден мүмкін. Мұндай заттарды сатып алғанда мынандай бірнеше қағиданы естеріңізде ұстаған жөн: отшашуға арналған орынды таңдап алыңыз, мұның кең ашық алаң болғаны дұрыс; отшашу кезінде айналасында түскен жапырақтар мен қылқандар, қураған шөп болмауы қажет, өйткені бұлар кенет ұшқын түскен болса, өртенуі мүмкін; өткір жел болған кезде желге қатысты қауіпті аймақтың көлемін 3-4 есеге ұлғайту қажет.
Егер сіздің аулаңыз шағын әрі тар болатын болса, онда петарда, шартылдақ, шығыр сияқты жерге жағылатын түрлерін ғана пайдалану қажет, мұндай жерде жоғары қарай ұшатын отшашу түрлерін тіпті қолдануға болмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz