Бүгін салтанатты жиналыста СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәресіне жақындаған жыл энергетиктер үшін де үлкен сынақ болды. Көктемгі су тасқыны кезінде олар батылдық пен жанқиярлық танытып, өңірдің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті, зардап шеккен инфрақұрылымды қалыпқа келтірді.
Өткен жылдың қараша айында табиғи апаттың салдарынан жүздеген ауыл электр жарығынсыз қалған кезде апаттық бригадалар жедел жұмыс істеп, міндеттерін сәтті атқарды. Бүгінде «Севказэнерго» және «Көкшетау Энерго» кәсіпорындары өңірді электр және жылумен тұрақты қамтамасыз етіп, жабдықтарын жаңартуда. Биыл 2-ші ЖЭО-да жаңа мұржаның құрылысы уақытында аяқталып, келесі жылғы жылыту маусымында іске қосылады. Мемлекетпен бірге ауылдардағы электр желілерін жаңғырту жобалары бірлесіп жүзеге асуда.
-Осы жұмыстар энергетика саласының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, оның әлеуетін арттырып, өңіріміздің әрбір тұрғынына пайда әкелетініне сенімдімін. Барша энергетиктерді кәсіби мерекемен құттықтаймын!, — деп атап өтті өңір басшысы.