Петропавл тұрғындары 300-ден астам VIP нөмір рәсімдеді

Авторы: Qyzyljar News

               Жыл басынан бері Петропавл қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жоғары сұранысқа ие 312 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (МТНБ) берілді. Оның 257 нөмірін ер адамдар, ал 55 нөмірін әйелдер сатып алды.

VIP желісі аясында сұранысқа ие нөмірлік комбинациялар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 болды. Олардың әрқайсысының бағасы 57 АЕК (210 444 теңге) құрады. Ең аз сұранысқа ие 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 және 777 болды. Олардың құны — 285 АЕК (1 052 220 теңге).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «әдемі»нөмірлердісатутәжірибесі2014жылы енгізілген жәнеолардысатудантүскентабыселбюджетіне түседі. VIP нөмірлерді Мамандырылған ХҚКО-да немесе электрондық үкімет порталы арқылы сатып алуға болады. Бұл ретте бос болса, кез-келген нөмірді таңдауға болады. Петропавл қаласында қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды, жеделдету рәсімі де бар.

Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 70 мыңнан астам көлік құралы тіркеліп, 15 мың жүргізуші куәлігі берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz