«УАҚЫТША ОТБАСЫ» ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН

Авторы: Qyzyljar News

         Ел бойынша біздің өңірімізде ғана жүзеге асырылып  жатқан «Уақытша отбасы» жобасы келер жылы жабылуы мүмкін.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопованың айтуынша, «Уақытша отбасы» қанатқақты жобасы 2019 жылы қолға алынған.  Сол жылы жобаға 3 аудан қатысушы ретінде  қосылып, 54 отбасына 61 бала уақытша патронатқа беріліпті.

Өңірдегі мектептердің басым бөлігі – шағын, кейбірінде мүлде білім ордасы жоқ. Мұндайда балалар көрші ауылға барып-келіп немесе интернатта жатып оқиды. «Уақытша отбасы»  басқа ауылға барып оқуға мәжбүр балаларға арналған. Яғни осындай ауылдың оқушысын мектебі бар елді мекендегі отбасы уақытша қамқорлығына  алады.

-Қазіргі уақытта  11 аудандағы 119 уақытша отбасында 132 бала тұрып жатыр. Балаларды уақытша отбасыға беру алгоритмі бар.  Барлық талаптар орындалған жағдайда ғана шешім қабылданады.  Ата-ана, «уақытша отбасы» және мектеп баланы беру туралы үшжақты келісімшартқа отырады.  «Уақытша отбасында» тұратын балалар мектеп инспекторлары,  әлеуметтік педагогтар, психологтардың ерекше назарында, — дейді Татьяна Протопопова.

Маманның айтуынша, бұл жоба тиімділігін көрсеткен.  Мониторинг кезінде балалардың сабақты қалдыру жағдайларының азайғаны анықталыпты, өйткені «уақытша ата-аналар» тарапынан тұрақты бақылау бар, жақсы күтім болғандықтан бұл балалар сирек ауырады.

-Жоба аясында баланы интернатта күтіп-бағуға бағытталған қаражат уақытша отбасыға беріледі. Ол қаражатты және еңбекақыны жергілікті атқарушы органдар төлейді. Жалақы орташа есеппен 45 мың теңге болса, әрбір кәмелетке толмағанға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлемақы беріледі. Бірақ соңғы уақытта ата-аналар балаларын «уақытша отбасыға» беруге құлықсыз, — дейді Татьяна Протопопова.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz