АЛҒАШҚЫ «ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ»

Авторы: Qyzyljar News

           Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейдің жетінші сынып оқушылары облысымызда полицейлердің формасын алғашқы болып киді . Бұл білім ошағы құқық қорғау бағытындағы сыныптар құру жөніндегі Ішкі істер министрлігінің жобасына қосылған өңірдегі алғашқы оқу орны болды.

«Жас сақшы» сыныбына қабылдау үшін іріктеуден өткен ұлдар мен қыздарға полиция қызметкерлері сабақтар өткізеді. Олардың жетекшілігімен балалар мектеп пәндерінен бөлек, заңнаманы, криминалистика, полиция қызметінің негіздерін тереңірек зерттейді, дене шынықтыру дайындығын дамытып, өзін-өзі қорғау әдістерін үйренеді.

Оқытудың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін «полиция сыныбының» оқушыларына құқық қорғау бағытындағы курстан өткені туралы сертификат беріледі. Осындай дайындықпен оларға Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға түсу, яғни полицияға қызметке орналасу оңайырақ болады.

Сыныптың салтанатты ашылуы 18 желтоқсан күні  өтті. Лицейдің мәжіліс залы өңірдің ішкі істер органдарының тарихы көрсетілген облыстық полиция департаменті музейінің көшпелі стендтерімен безендірілді.

Аталмыш сыныптың ашылуына полиция ардагерлері, сондай-ақ іс-шараға Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Төренова, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов қатысты.

Ведомство басшысы балаларды «Жас сақшы» сыныбына қабылдануымен құттықтап, ата-аналары мен білім беру жүйесі қызметкерлеріне өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен адамгершілікті тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғысын айтты. «Полиция сыныбының» тұсаукесерінде облыстық полиция департаменті мәдени орталығының вокалдық тобы әннен шашу шашып, мереке көркін аша түсті.

Игорь МЕРЦАЛОВ, СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz