2024 жылғы 19 желтоқсанда Петропавл қаласнда Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық сотының төрағасы пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды», — деп хабарлады ведомство.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметін Бекбол Алғыбайұлы Баймаханов атқарған.