Қалалық мектептерден кем емес

Авторы: Qyzyljar News

           Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері өңірдің үш тірек мектебіне – Аққайың ауданының Смирнов мектеп-гимназиясына, Шал ақын ауданының Кәкімбек Салықов атындағы орта мектебіне және Қызылжар ауданының №2 Бескөл орта мектебіне барып қайтты. Аталған оқу орындары биыл «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қосылған болатын.

Жоба аясында мектептерге Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының есебінен су жаңа кабинеттер – мектепалды даярлық кабинеттері, робототехника, мультимедиялық сыныптар, STEM-зертхана, сондай-ақ физика және химия пәнінен жабдықталған зертханалар жеткізілді. Барлық жабдықтар оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік беретін заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келеді. Осы жаңа жабдықпен жұмыс істеу бойынша әдістемелік қолдауды Петропавлдық NIS педагогтары көрсетіп келеді.

-Екі аптаның аралығында біз облысымыздағы үш тірек мектептебіне барып қайттық. Ұстаздарға арнап семинар және шеберлік сыныптарын дайындадық. Көбінесе бұл осы мектептердің сұранысы бойынша жүргізілді. Жалпы барлық мектептер «Lesson Study» жүргізу және де бізде жаңа берілген құралдармен жұмыс жасау бойынша шеберлік сыныптарын сұраған болатын, — деп атап өтті Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев.

Сонымен қатар NIS-тің білікті ұстаздары жаңа технологияларды білім беру процесіне интеграциялаудың практикалық мысалдары мен әдістерін ұсынды. Бұдан бөлек мұғалімдер үшін критериалды бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, сондай-ақ өңірдің білім беру әлеуетін нығайту болып табылады.

Жоба тірек мектептердің ұстаздары мен оқушылары тарапынан қолдауға ие болды. Ауыл ұстаздары NIS-тің әдістемелік қолдауы ауыл мектептерін дамыту үшін жаңа көкжиектер ашатынын атап өтті.

— Мектебімізге жаңа құрылғылар келе бастаған кезден қуаныштымыз. Міне,  Назарбаев Зияткерлік мектебінен жақсы мамандар келіп жатыр. Бізге барлығын түсіндіріп, үйретіп жатыр. Көптен коп рахмет. Оқушыларымыз енді жаңа белестерден көрінеді деген үміттеміз, дейді Шал ақын ауданының Кәкімбек Салықов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Дәулет Таласпай.

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі 2022 жылдан іске асып келе жатқан «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында облыстың сегіз тірек мектебіне әдістемелік қолдау көрсетуде. Жобаның ең бірінші болып мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебі қосылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz