Петропавлда «Мәдениет пен руханият – Қазақстан қоғамында экономика, бизнес, бейбітшілік пен келісімді дамытудағы стратегиялық ресурс» тақырыбында форум өтті.
Форумға мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері, дін өкілдері, облыстың қоғам өкілдері, аудандар бейнебайланыс арқылы қатысты.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәдениет пен руханият Қазақстан қоғамын дамытуда маңызды рөл атқарады, олар экономика, бизнес, бейбітшілік пен келісім үшін стратегиялық ресурс болып табылады деп атап өтті. Олар ұлттық бірегейлікті нығайтып, түрлі этностарды біріктіріп, тұрақты дамудың негізін қалайды.
Форум барысында спикерлер мәдени және рухани құндылықтардың қоғамымыздағы рөлі туралы айтты. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, СҚО-ның құрметті азаматы Анатолий Башмаков экономикалық дамудың драйвері ретінде адами капиталды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Форум аясында ел мен өңірдегі бірлікті нығайтуға үлес қосқан бірқатар солтүстікқазақстандықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының медалімен, төсбелгісімен және алғыс хатымен марапатталды.