ҚАҚ БӨЛІНГЕН КӨПІР

Авторы: Qyzyljar News

         Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда төтенше жағдай орын алды. Желтоқсан айының ортасында  көпір қақ бөлініп, жүк көлігі Есіл өзеніне түсіп кеткен.

Абырой болғанда, жүргізуші дін аман. Бидай тиеген жүк көлігі өткелден өтпек болған. Сол мезетте осы ауданға  қарасты Бірлік пен Нежинка ауылдарын жалғап тұрған көпір қақ айырылған. Белгілі болғандай,  бұл өткелді жергілікті шаруашылықтардың бірі салған, ол ауыр техникаға арналмаған. Қазір жүк көлігі судан шығарылды. Әзірге  екі ауылдың тұрғындары айналма жолды пайдалануға мәжбүр болуда.

Екі ауылды жалғастыратын жаңа көпірдің  құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр.  Ал аудандық полиция қызметкерлері  «Shacman» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай көлік аударылып, Есіл өзеніне құлағанын анықтаған. Оқиғаның өзге де мән-жайын анықтау үшін полиция істі тергеуді бастаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz