КӨЗІНЕ ПЫШАҚ КІРІП КЕТКЕН

Авторы: Qyzyljar News

            Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен ауыр халде, есін жоғалтқан 3 жасар бала жеткізілді. Сәбиде көз шарасы зақымданған пышақ жарақаты болған. Анасы дәрігерлерге баланың ас бөлмесінде орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткенін айтты.

Бала жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде барлық қажетті емді алып жатыр. Жағдайы өте ауыр, сол жақ көз ұясы аймағында жара бар.

Қажетті диагностикалық тексерістер, дәрігерлердің консилиумдары жүргізіліп, балаға ашық бас миының жарақаты, ауыр дәрежедегі мидың соғылуы диагнозы қойылды. Ол травматикалық шок алған.

-Бала миына бірнеше рет динамикада компьютерлік томография жасалды. Оның нәтижелері бойынша біз хирургиялық емдеуден бас тарттық. Бірнеше күннен кейін қайтадан КТ жасаймыз. Қазіргі уақытта инфузиялық-трансфузиялық, гемостатикалық және ісінуге, бактерияға қарсы симптоматикалық терапия жүргізіліп жатыр, — дейді көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Полиция қызметкерлері баланың жарақат алу фактісі бойынша мән-жайды анықтау және процестік шешім қабылдау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл дерек Петропавл қалалық полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz