Облыс полицейлері ТМД елдері үшін 38 қылмыскерді ұстады

Авторы: Qyzyljar News

            Қазақстандық полицейлер жақын шет елдердегі әріптестерімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасасып тұрады. Әсіресе, бұл жұмыс Ресей Федерациясының үш аймағымен шекаралас орналасқан Солтүстік Қазақстан облысында маңызды болып саналады.

Биылғы он бір айдың ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ТМД елдері үшін 38 қылмыскерді анықтап, қолға түсірді. Оның ішінде 10 қылмыскер – Омбы, ал Қорған мен Түмен облыстары үшін сәйкесінше 6 және 3 қылмыскер ұсталды.

Мәселен, қорқытып алу қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 26 жастағы ресейлік Мамлют ауданында ұсталған. Ол Түмен қаласының тұрғынын қорқытып, «Toyota» автокөлігін және ақша талап етті деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, кейін ресейлік әріптестерге беріледі.

-Солтүстікқазақстандық криминалдық полиция мен Ресей Федерациясы өңірлерінің ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жедел-анықтамалық, іздестіру мәліметтері және өзара маңызды өзге де ақпаратпен алмасу ұдайы негізде жүзеге асырылады. Шекаралас ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыс 1993 жылғы Құқықтық көмек туралы Минск Конвенциясына және 2008 жылғы Ресей  мен Қазақстан Ішкі істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізілуде,- дейді  облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Иван Терзиди.

 

Игорь МЕРЦАЛОВ, СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz