Жаңа жыл қарсаңында Петропавл қаласында сәнгер, сән үйінің жетекшісі Зарина Мавлянидің ұйымдасыруымен ұлттық киім мен әшекейлер көрмесі, оған қоса сән көрсетілімі өтті.
Әйелдер мен жастарға арнаған бұл сән кеші Зарина Мавлянидің осы салада жемісті жұмыс істеп жүрген он жылдық еңбегінің жемісі деуге болады. Кәсіпкер әйел өзінің жұмысын базар аумағында сауда бутигін ашып, әшекей бұйым жасауға арналған моншақ, биссерлерді сатудан бастаған екен. Алға қойған мақсатына жету үшін ол көп ізденеді. Кейін өзін тігіншілік саласында сынап көрмек болып, өтіп жатқан түрлі шеберлік сағаттарына қатысады.
-Мен премиум класстағы ұлттық киімдерді шығаратын сән үйін аштым. Қазір этно стиль трендте болып саналады. Заман талабына сай киім үлгілерін жасаймыз. Мақсатым — Петропавлда жоғары сапалы ұлттық киімдерді шығару. Ол қолымнан келеді деп ойлаймын. Біздің өнімдер қазір шетелге де жеткізілуде, — дейді кәсіпкер әйел Зарина Мавляни.
Бүгіндері менің сән үйімде сегіз маман жұмыс істеп жатыр. Олар қыз ұзату, сырға салу сынды тойларға қалыңдық көйлектерін тігеді. Сонымен қатар, біздің этностильдегі балалар киіміміз де сұранысқа ие болып жатыр.
Жақсы ұйымдастырылған кеште сән үйінің барлық туындылары көрсетілді, оның әр бөлігі қолдан жасалған. Жоғары сапалы, табиғи өнімдер ғана пайдаланылған. Көрсетілімде тек той киімдері ғана емес, іскер қыз-келіншектерге арналған киімдер, той кештеріне арналған ұлттық нақыштағы костьюмдер шығарылды.