Қазақстандағы балалар арасында «вейпке құмартқандар» көбейіп барады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда темекі шегу көрсеткіші төмендеді. Бірақ, тұрғындар арасында вейпке әуестік артып барады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау саласының мамандарын, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің зиянды затқа тәуелді болып бара жатқаны алаңдатады.

-Алдағы уақытта снюстерге ұқсас вейп айналымына қатаң тыйым салу керек. Сондай-ақ қыздырылатын темекі мен оны тұтыну құрылғыларына акциз салымдарын арттыру керек. Өйткені олар темекімен теңестірілді, деді Ұлттық денсаулық сақтау орталығының сарапшысы Жанар Қалмақова.

Жанар Қалмақова халық арасында жүргізіліп жатқан темекі шегуге қарсы күрес оң нәтиже беріп жатқандығын атап өтті. Бұған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте қолданылатын мемлекеттік бақылау шаралары мен заңнамалық тетіктер ықпал етуде. Темекі өнімдерін бақылау шаралары осыдан 13 жыл бұрын қабылданып, 2020-жылы күшейтілген болатын. Осының арқасында темекі тұтыну көрсеткіші шамамен 7 пайызға төмендеді.

2007-жылы қазақстандықтардың шамамен 27 проценті темекіге әуес болды. Дегенмен, 2019-жылы ересектер арасында шылым шегу 20,4 пайызға дейін төмендегені байқалған. Бүгінде зиянды әдеттен ерлердің 36,5, ал әйелдердің 6 проценті зардап шегіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz