ӨҢІРДЕ 2027 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖАҢА ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ АШЫЛАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

        Солтүстік Қазақстан облысында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны 2027 жылға дейін тұрғызылады. Бүгінде қоқыс орны айтарлықтай толған. Сондықтан жаңа полигонды салу шешімі қабылданды.

Бұл және өзге ақпарат жайында «AMANAT» партиясы СҚОФ жанындағы өңірлік экологиялық кеңес отырысында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Тәшімов айтып берді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Ал қазір жұмыс істеп тұрған полигон жаңасы ашылғаннан кейін жабылып, жері қалпына келтірілетін болады.

-Мамлют тас жолы, 26-учаске мекенжайы бойынша ауданы 30 га жер учаскесі бөлінді. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында «Радуга» ЖШС-ның «ТехноЭкоПарк құру» атты инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл коммуналдық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кешені болады. Қоқыс сұрыптау кешені полигонмен бірге жұмыс істеп, сұрыпталған қайталама шикізат қайта өңдеуге жіберіледі, — деді Ерлан Тәшімов.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында ҚТҚ-ны қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 20, пайыз құрайды. Айта кетейік, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасында 2027 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 21пайызға жеткізу шарасы көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz